Qalam media
Аймақ Білім

ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ МІНДЕТІ

Шымкенттік тұрғындардың жазғы шілдеде ең көп жиналатын орны «Қошқар ата» өзенінің бастауы.
Ыстықтан қашып салқындану үшін мұнда күнделікті мыңдаған қала тұрғындары осы жерге таңнан жиналады.
Салқын судан пана іздеген тұрғындар арасында тазалық мәдениетін сақтамайтын тұрғындар да арагідік кездесіп отырады.
Бүгін Шымкенттік тұрғындар мен 100-ден аса жасыл елдік жастар аталған аумақта арнайы тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғындарға тазалық мәдениетін сақтауды, қаланың ортақ екенін насихаттады.
Акция барысында өзен бойындағы бей-берекет күл-қоқыстар тазаланып, шөптер орылды.
Ағаштары бұталып, демалыс аймағындағы орындықтар мен шомылу орындары ретке келтірілді.
Сондай-ақ өзен бойындағы суға шомылу ережесі ілінген тақтайшалар жаңартылып, жарықшамдар жаңартылды.
Іс-шараға қатысушы жастар «Қала — ортақ үйіміз, тазалықты сүйеміз» деген ұранды сөздермен қала тұрғындарына тазалықты сақтау жөнінде үндеу жолдады.

Қатысты жаңалықтар

АЭС – керемет мүмкіндік

ulanonlinejob_r46y8xlo

«МЫҢ ЖҮЙРІК» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз