My CMS
Аймақ Қоғам

ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ «ЖАСЫЛ ЕЛДІКТЕР» ДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Таңертеңнен басталған «Таза Қазақстан» акциясы Еңбекші ауданындағы «Шымкент» каналында жалғасын тапты.
Жалпы қаладағы каналдардың арасында «Шымкент» каналы ең көп тұрғындар шоғырланған канал.
Аталған акцияға тұрғындармен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтары да қатысты. Жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігі мен тазалыққа жанының құмарлығынан бұл ауданда мұндай тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады екен.
Бүгін де тұрғындар өз аулаларында тазалық жұмыстарына бір кісідей жұмыла кірісті. Ауладағы шөптер шабылып, канал бойы тазартылды.
Орындықтар сырланып, балалардың ойын алаңшалары тазаланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшыбеков бүгінгі тазалық жұмыстарына қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіріп, ауланың таза болуы өзімізге байланысты. Біз әрқайсымыз тазалық мәдениетін алдымен өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайтын болады дейді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС ӨҢДЕУ КЕШЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ  «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАЯСЫ АЯСЫНДА 18 МЕКТЕП ПАЙДАЛУНАҒА БЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА ҚАТЫСЫП, СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз