My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

25 қазан – Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының Достық үйінде ел бірлігін, қоғамдық келісім мен татулықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтар марапатталды.

Марапаттау рәсімін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев жүргізді. Ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, Республика күні мен Егемендік декларациясының тарихи маңызына тоқталды.

«25 қазан – мемлекетіміздің тәуелсіздікке бет алған алғашқы қадамының нышаны. 35 жыл бұрын қабылданған Егемендік туралы Декларация – бүгінгі бейбіт өмір мен ел бірлігінің негізі. Бүгін марапат алған азаматтар осы құндылықтарды сақтап, ел дамуына өз үлесін қосып келеді», – деді Тахирбек Нишанбаев.

Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қоғамдық келісім бағытында белсенді еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді.

#RepublicDay #25қазан

Қатысты жаңалықтар

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ДА РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 36 МВТ ҚОСЫМША СТАНЦИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ ТА, ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ ТА КЕРЕК

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз