Qalam media
Білім Ел жаңалықтары

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРІКМЕНСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНАН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің Түркістанға жасаған ресми сапары аяқталды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

Мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі Түркістан халықаралық әуежайынан шығарып салып, екіжақты кездесулер мен достық ниетпен өткен іс-шаралардың жоғары деңгейде өткені үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Түрікменстан делегациясының бұл сапары бауырлас елдер арасындағы стратегиялық серіктестік пен мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған. Сапар барысында бірқатар келіссөздер мен маңызды шаралар өтті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістан жерінің қонақжайлылығына алғысын айтып, екі ел арасындағы тату қарым-қатынастың одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.

Қатысты жаңалықтар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ТҰРАН АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТУРАЛЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз