My CMS
Соңғы жаңалықтар Спорт

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІС ШЫҢЫНДА: МИЛАД КАРИМИ – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ

Қатар астанасы Дохада өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы Қазақстан спортшылары үшін табысты аяқталды. Ел намысын қорғаған Милад Карими бұл байрақты бәсекеде екі бірдей алтын жүлдені жеңіп алып, ұлттық құраманың абыройын асқақтатты.

Алдымен, Милад еркін жаттығулар бағдарламасында 14.466 ұпай жинап, финалдық сында қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл – Қазақстан құрамасының жарыстағы алғашқы алтыны болды. Осылайша, ол ерекше шеберлігі мен мықты дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бірақ Карими бұнымен тоқтаған жоқ. Көп ұзамай кермедегі жаттығуларда да финалға шығып, 14.500 ұпай еншіледі. Бұл нәтиже оған екінші алтынды әперді. Миладтың қос алтын жеңісі – оның әлемдік деңгейдегі үздік гимнасшылардың бірі екенін тағы да көрсетті.

Қазақстандық өзге спортшылар да жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Алтынхан Темірбек еркін жаттығуда күміс жүлдегер атанса, Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында қола жүлдені қанжығасына байлады. Осылайша, жалпы есепте төрт медаль еншілеген Қазақстан құрамасы беделді додада сенімді өнер көрсетті

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗСУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз