Qalam media
Ел жаңалықтары Спорт

БИБОСЫНОВ ПЕН ДУСМАТОВ АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов арасындағы көптен күткен жекпе-жек өтпейтін болды. Жартылай финалда жолығуы тиіс қос мықтының кездесуіне Хасанбойдың жарыстан шығып қалуы себеп. Өзбекстандық былғары қолғап шебері ширек финалда туған інісі Фарёзбек Дусматовқа есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал Сәкен Бибосынов ширек финалда ресейлік Құрбан Байранбековты сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті. Енді жартылай финалда ол Фарёзбекпен жұдырықтасады.

Сондай-ақ жарыстың екінші күні тағы бес қазақстандық боксшы рингке шықты. Олардың арасынан тек 48 келідегі Теміртас Жүсіпов ресейлік Михаил Прокофьевті жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. Ал Фарух Тоқтасынов, Бекзат Алдамжаров, Анастасия Баязитова мен Шұғыла Нәлібай жарыстан шығып қалды. Аталған турнир 20 сәуірге дейін жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ПРЕЗИДЕНТ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз