Qalam media
Аймақ Білім

БАРЛЫҚ САНАТТАҒЫ ШАҚЫРТУЛАРҒА ЖЕДЕЛ КӨМЕК БРИГАДАЛАРЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

АЙГЕРІМ УРАЗАЛИЕВА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды.

Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады.

Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады.

Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады.

Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ: 189 АРНАЙЫ ТЕХНИКА МЕН МЫҢДАҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫЛДЫРЫЛМАҚ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА 28 КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРЛЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«СЫРА КОРОЛІНЕ»  ТИЕСІЛІ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз