Qalam media
Ел жаңалықтары

“Аэс — жасыл экологияға жол”

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС — жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШАНИНДІК ӘРТІСТЕР МӘСКЕУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КАСПИЙДЕН КАЛИФОРНИЯҒА ДЕЙІН: ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ТАЗА ЭНЕРГИЯ ӘРІПТЕСТІГІН КЕҢЕЙТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ҚАРАЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз