Qalam media
Аймақ

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын.

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді.

Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген.

Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ЖҰМЫС: ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 20 ТУРИСТІК ОПЕРАТОР МЕН 120 АСА ТУРИСТІК АГЕНТТІКТЕР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз