Qalam media
Аймақ

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ӘРІ ӨНЕГЕ, ӘРІ ИГІ ІС

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бірі «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты.
Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.
Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, «Бал Текстиль» ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.
— «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз аулаларымызды тазалауға шықтық. Бұл әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан барша жұрт болып атсалысу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін», — дейді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.

Қатысты жаңалықтар

Бірлік пен достық – елдің еңсесін көтерер құндылық

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КҮЗДЕ ЕКІ ҚАЛАНЫҢ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АУҚЫМДЫ ФОРМУ ӨТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз