My CMS
Қоғам

ОТАНДЫҚ АСФАЛЬТБЕТОН ЗАУЫТТАРЫНА ИНСПЕКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қазақстандағы асфальтбетон зауыттарын тексеруге кірісті. Олардың жаңа құрылыс маусымына және асфальтбетон қоспаларын сапалы өндіруге дайындығы тексеріледі, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарын сынайтын зертханаларға бақылау қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары мен ғалымдарынан құралған комиссия Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп Жамбыл облысындағы асфальтбетон зауыттарына зерттеу жүргізіп жатыр.

Қазақстанда жалпы 300-ден астам асфальтбетон зауыты жұмыс істеп тұр. Отандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары сапа стандарттары мен нормативтерге сәйкестігін тексеру мақсатында әрбір зауытқа инспекция жүргізуді жоспарлап отыр.

Тексеру жұмыстарының нәтижелері ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен құрылған rcmbase.kz жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасында қолжетімді болады. Аталған базада зауыттың орналасқан орны, техникалық сипаттамалары, жобаларға қатысуы, зертханалардың болуы, салмақ үлестіргіштерінің жай-күйі және асфальтбетон зауыттарының экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі шаралардың сақталуы туралы деректер ұсынылады.

Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын құру жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыруға, жеткізушілерді таңдау кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге және жол құрылысында материалдар мен технологияларды пайдалануды жүйелеуге арналған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЛА ӘКІМІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз