My CMS
Соңғы жаңалықтар

БИЫЛ ЕЛІМІЗ АРҚЫЛЫ 300 МЛН ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАНАДЫ

Биыл елімізде шойын жолмен жүк тасымалдау 3 пайызға артты.  Соңғы 10 айда тасымалдау көлемі 200 млн 46 мың тонна болған. Жыл соңына дейін оны 300 млн-ға жеткізу діттеліп отыр. Бұл жайында Үкімет отырысында белгілі болды. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, еліміздің географиялық орналасуы, транзиттік әлеуетті дамытуға мол мүмкіндік беруде. Жыл басынан бері транзиттік жүк тасымалдау көлемі 19 пайызға өсіп, 22 млн 500 мың тоннаға жеткен. Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі: — Бұл ретте контейнерлік тасымалдар 15%-ға ұлғайды. Жолаушыларды тасымалдау көлемі 2,5%-ға артып, 16 млн 600 мың жолаушыны құрады. Президенттің елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тапсырмасы шеңберінде транзиттік тасымалдарға ерекше назар аударылуда.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/627636-biyl-elimiz-ar-yly-300-mln-tonna-zh-k-tasymaldanady

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады

ulanonlinejob_r46y8xlo

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АБАЙ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАР БІРАУЫЗДАН НАУҚАНҒА ҚАТЫСЫП, НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз