Qalam media
Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.

Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қатысты жаңалықтар

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібі мен фармацевтика салаларында жаңа өндіріс орындары іске қосылып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ВЫБОРЫ — ВАЖНАЯ ПОЛИТИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ, ОПРЕДЕЛЯЮЩАЯ БУДУЩЕЕ СТРАНЫ

Qalam Media

Пікір қалдырыңыз